Өткен жылы аймақта өрт-техникалық қауіпсіздікті бұзған 900 ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ТЖД мамандары бұзушылықтар үшін қандай жауапкершіліктер қарастырылғанын, профилактикалық бақылау қалай жүзеге асырылатындығын айтып берді.
Өткен жылы ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары 619 нысанның 560-ын тексерген. Нәтижесінде 920 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 83 айыппұл салынып, сот органдарына ҚР ӘҚБтК-нің (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің) 462-бабының 3-бөлігі бойынша 35 әкімшілік хаттама жіберілді.
Нысандарды алдын-ала тексеру жиілігі қауіп деңгейі жоғары деп танылған жерлерде жылына бір рет, ал қауіп деңгейі орташа деп танылған нысандарда екі жылда бір рет өткізіледі. Қауіп деңгейінің бағалануына байланысты қайта тексеру жүргізілетін нысандар тізімі автоматты түрде жүйеленеді. Ол жүйені автоматты түрде қалыптастыру кезінде бұған дейін жүргізілген тексерулердің нәтижесі есепке алынады.
Тексеріс қорытындысы бойынша берілген ұйғарым мен қаулыда көрсетілген талаптар орындалмаса мемлекеттік органдармен ондағы лауазымды тұлғаларға айыппұл салынады.