Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы. Аймақтағы білім ошақтарында осындай игі бастама қолға алынды. Мақсат – оқушы, ата-ана, мұғалім арасында тығыз байланыс орнату. Бастама 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Өскемендегі мектептерде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» өз жұмысын бастады. Мұнда ата-аналар үшін оқу жылының соңына дейін ұлттық және отбасылық құн¬дылықтарға негізделген бірнеше сабақ өтеді.

Балалардың қауіп¬сіз¬дігі, олардың денсаулығы, әл –ауқаты мен білімі басты назарда. Гүлназ Исаханованың баласы сегізінші сыныпқа барады. Оның айтуынша, орталық ашылғалы білім ордасымен тығыз байланыс арта түскен.

Жоба аясында «Даналық мектебі» атты клуб құрылған. Мақсаты туыстық қарым –қатынасты ұрпақ бойына сіңіру.

Бұл орталық үш жақты байланысты нығайтуды көздейді. Сапалы білім, өз ісінің маманы болу мен асыл қасиеттерді бала бойына сіңіру. Ал оны қалыптастыру үшін «оқушы, мұғалім, ата-ана» бірлесе әрекет етуі шарт.