«Асылтас» театры гастролдік сапармен Өскеменге келді. Көрермен назарына тартысқа толы тағдырлардың, қайшыласқан тірлік пен арпалысқан өмірдің шындығын бейнелейтін «Арена» атты қойылым ұсынылды. Басты рөлдерді Дулыға Ақмолда, Жанаргүл Жаныаманова, Салтанат Бақаева, Жандарбек Садырбаев сынды танымал актерлер сомдады.

Шырмауға түскен шындықтың шынайы келбеті, алдау мен арбауға түскен ақиқат. Осының барлығы «Арена» спекталінің желісіне арқау болған. Бұл қойлым ұлттық рухты оятуды көздейді, дейді театр ұжымы.

Драма авторы ақын, драматург, Бақыт Беделхан. Абадан, Арлан, Аққұртқа һәм Арыстан. Қойылым кейіпкерлерінің аң атауымен аталғаны көрерменге ерекше әсер қалдырды.

Қойылымның құрметті қонағы ретінде атақты ақын, «Түрксой» түркі мемлекеттері жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, мецанат, театр демеушісі Дулат Тастекей мен зиялы қауым өкілдері қатысты.