Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің өкілдігі тұрғындарға арналған ерекше «Имам такси» акциясын бастады. Бірнеше күннен бері қатты аяздан әбден әбігерге түскен Өскемен тұрғындарын мешіт еріктілері межелі жеріне тегін жеткізіп жүр. Игі бастамаға көлігі бар азаматтар да қатыса алады.

Еріктілерден құралған топ аялдамада автобус күтіп, аяз қарыған тұрғындарды тегін тасып сауапқа бөленді. Қалаішілік көліктер уақытылы жүре алмай, жүріс –тұрыста қиындықтар туып жатыр. Осындай кезде қол ұшын берген дін қызметкерлерінің сауапты бастамасына дән ризамыз, дейді қала тұрғындары.

Жұмысына асыққан қала тұрғындары үшін «имам такси» күтпеген сый болағаны анық. Күн райының бұзылуынан аялдамаларда адам көбейіп, автобустардың қимылы баяулады.

Аязды күні игі бастамаға себепкер болған жандар елдің алғысын алып, ризашылығына бөленді. Бұл акция тұрғындардың бірлігін, кез-келген жағдайда қол ұшын созуға дайын екендіктерін көрсеткендей.