Өңірде қатты аязға қарамастан суға түсіп денсаулықтарын нығайтып, суық тиудің не екенін білмейтін қырыққа жуық азамат бар. Олардың алды 80-ге таяғандар. Қыс қаһарына мінгенде суға түсу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні анық. Әріптесім Қарақат Жақсылыққызы салауатты өмір салтын ұстанған азаматтармен тілдесіп қайтты.

 «Ауа-райы өте суық болғанда, вирустық инфекциялардың жиілігі азаяды. Әдеттегі маусымдық көрсеткіштен аспайды. Мұндай кезеңде тұмау болмайды, көптеген вирустар мен бактериялар аязда өледі, ауруға шалдығу мүмкіндігі әлдеқайда төмен», - дейді дәрігерлер.

Дәрігерлер қысқы шынықтыру және жүзумен айналысатын азаматтардың қан айналымы жақсарып, қорғаныш жасушалары белсенді болатынын айтады.