Өскеменде шығыстан шыққан танымал жазушылардың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көрменің тұсаукесері өтті. Көрмеге қаламгерлердің туындылары, жеке құжаттары қойылған. Көрмеде шығыстан шыққан жазушылар туралы толық ақпарат алуға болады.Келушілер назарына сирек кездесетін фотосуреттер мен құжаттар ұсынылған. Бұдан бөлек, өңірдің танымал тұлғаларының шығармашылығы, өмір жолымен танысуға мүмкіндік бар. Зайсан қаласында дүниеге келген ақын, прозашы, аудармашы Павел Васильевтің туындылары да осында. Көрмеде Елтай Тұрлыбаев, Федор Карбышев сынды айтулы тұлғалар жайлы мәліметтер ұсынылған.

Ал қазақ жазушыларының танымал болуына Павел Кузнецов сүбелі үлесін қосқан.

Көрме әдебиет сүйер қауымға, тарихшылар мен өлкетанушыларға да қызықты болары сөзсіз.