Облыс орталығында «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық шарасы аяқталды. Полиция қызметкерлері ішкі істер органдарының есебінде тұрған азматтарды тұрғылықты жері бойынша тексерді. Қазіргі таңда Өскемен қаласы бойынша мыңнан аса азамат есепте тұр.

 «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық шарасының мақсаты – бұрын сотталғандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бұдан бөлек, жергілікті полиция қызметкерлері есепте тұрған азаматтарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Шара аясында мыңнан аса есепте тұрған тұлға тексерілді. Шара аясында әкімшілік қадағалауға жататын 1 азаматтың тарапынан өрескел заң бұзушылық анықталды.