Риддерде ат спорты қарқынды дамып келеді. Жыл сайын мұнда ерекше жобалар іске асырылуда. Мәселен, «G.HORS.RIDDER» атты пони клубының басшысы Екатерина Худякова мемлекеттік қолдаудың аясында тағы бір бастаманы қолға алған. Ат туризмін дамытып жүрген Екатерина Худякова жуырда жаңа кәсіпке бет бұрды.
Бүгінгі таңда кәсіпкердің қарамағында 5 сәйгүлік пен екі пони бар. Егер сіз атқа мінуді меңгергіңіз келсе клубқа келуіңізге болады.
Екатерина Худякова аймақта пони драйвингті дамытуды қолға алған. Болашақта балаларды ат спорты бойынша жарыстарға апаруды көздейді.