Жыл өткен сайын Қазақстанға келетін шетелдік туристер қатары артқан. Дертіне шипа іздеп келушілер негізінен Астана мен Алматы қалалырындағы ірі медицина орталықтарына жүгінеді. Осы мақсатта туристерді елге тарту жүйелі жұмысты қажет етеді. Әзірше бұл тек осы екі қалада жүзеге асырылуда. Өткен жылы бір ғана қосымша арқылы елге келген туристердің саны 5000 асқан. Ал біздің өңір осы саланы ілгерлетіп, жолға қойған алғашқы өңір. Қазақстан медициналық туризм қауымдастығының президенті Кристина Кривец арнайы аймақ басшысымен кездесіп, медициналық туризм болашағы туралы өзара пікір алмасты.

Қазір елде JCI стандартымен жұмыс жасайтын, халықаралық аккредиттеуден өткен бірқатар жетекші клиникалар бар. Олардың әлеуеті жоғары, жоғары технологиялы құрылғылармен жабдықталған. Мамандары білікті. Кездесуде облыс әкімі медициналық туризмді біздің өңірде дамытуға барлық мүмкіндік бар екенін айтты. Әсіресе, облыстық онкология және кордиология, Ана мен бала орталықтарының әлеуеті зор. Дәрігерлердің біліктілігі жоғары.

Сонымен қатар шетелдік туристерге барлық жағдай жасау керек. Бұл ретте қызмет көрсету сапасының талапқа сай болуы қажет. Яғни , ем қабылдауға келген кез келген шетелдік турист үшін ыңғайлы, қолайлы әрі қолжетімді, сапалы жағдай жасалуы тиіс.

Қазіргі кезде медициналық туризм қауымдастығы онкологиялық орталықпен алғашқы жұмыстарын да бастап кетті.