Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышев атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлармен бөлісті. Оның айтуынша, барлық салада өсім бар. Биыл ауылдарды су, жолмен қамту және әлеуметтік нысандарды ретке келтіру жұмыстары қолға алынбақ. Күршімде қолға алынған өзге де жұмыстар жайлы әріптесім айтсын.

Өткен жылды Күршім ауданы сәтті аяқтады. Әлеуметтік экономикалық даму қөрсеткіште өсім бар. Аудан әкімі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Биыл да жүзеге асатын жұмыстар көп. Соның бірі жол инфрақұрылымын жаңғырту. Мәселен, биыл Күршім, Жолнұсқау, Сарыөлең, Құйған, Алғабас ауылдарында ауылішілік жолдар жөнделеді.

Алғабас ауылында су құбыры желілерінің құрылысы аяқталуға жақын. Ал, биыл ауданда 2,6 млрд.теңгеге 30-дан астам жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Күршім ауылында су құбыры желілерін қайта жаңғыртуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Қойтас ауылында модульді станция орнатылады. Сондай-ақ, аудандағы жылу қазандықтары да жаңғыртылып, қалыпқа келтіріледі.

Биыл жеке кәсіпкерлер есебінен Күршім ауылында спорт кешенін, ал Құйған ауылында мәдениет үйі ғимаратын салу көзделген.