Наурыз мейрамын Глубокое ауданы халқы жоғары деңгейде тойлады. Аудан әкімдігі орталықты нағыз той-думанның ордасына айналдырған. Жиылған жұрт мейрам көркін қыздыра білді. Киіз үйлер тігіліп, халыққа наурыз көже мен түрлі дәм тегін таратылды.

Аудан жұртшылығының кең көңілі үшін келген эстрада жұлдызы Ұланғасыр Қами Глубокое тұрғындарын Әз Наурыз мейрамымен құттықтады.

Алаңға жиылған жұрт қаз-қатар жасау-жабдығы келiсіп тігілген ақшаңқан киіз үйлерге кіріп, мейрамның басты асы Наурыз көжеден дәм татты. Аудан әкімі Эльдар Тұмашинов халықты мейраммен құттықтады.

Мейрамға келген балардың да көңілі шат.Табиғаттың қайта жанданған күнімен құттықтап, наурыз мейрамында бала тілінде ізгі тілегін жолдады.

Күн мен түннің теңелетін табиғаттың ұлық мерекесін тойлаған жұрт, дүбірлі тойдың көңілден шыққанын айтады.