Ұлттық спорт түрлерімен айналысып жүрген азаматтар саны аймақта артып келеді. Жыл сайын өңірде түрлі сайыстар да ұйымдастырылады. Мәселен, таяуда қазақ күресінен «Риддер барысы» додасы өтті. Айтулы шараға қырықтан астам спортшы жиналды. 

Дәстүрлі түрде өтетін айтулы шараға жиналған жұрттың қарасы қалың. Бозкілем шеберлерінің сынында үздік атанған балуан «Шығыс барысы» бәсекесіне жолдама алады. Өткен жылы ұйымдастырылған «Риддер барысы» турнирінің жеңімпазы Ерік Рахиев биыл да өз бағын сынауға келген.

Ал Даниил Зиновьев бұрын-соңды қазақ күресімен айналысып көрмеген. Дегенмен, өзге жекпе-жек түрімен айналысқан. Ол бұл сында жеңіске жетем деген ойда.

 «Риддер барысы» додасында өз бағын сынауға ниет еткен балуандар саны жылдан-жылға артып келеді, дейді шараны ұйымдастырушылар

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандарды Риддер әкімі Дулат Батырбаев марапаттады.