Дүбірлі додаларда өнер көрсеткісі келетін өрендерді, салауатты өмір салтын ұстанып, талпынып жүргендерді көтермелеу қажет. Мұндайда жарыс ұйымдастырып, жүлде тігу таптырмас шара. Өскеменде волейболдан көктемгі ел біріншілігі мәресіне жетті. Біріншілікке елдің түпкір-түпкірінен келген ұлдар мен қыздар құрамалары жиналды.

Өскемендегі ел біріншілігіне алты жүзге жуық спортшы жиналды. Құрамалар Астана, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларынан және Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Павлодар облыстарын келді. Жас спортшылар ел біріншілігіне үлкен дайындықпен келгені көрініп ақ тұр. Себебі, өз ара кім мықтыны атықтауға жиналғандардың көздерінде жалын, жүректеріне сенім ұялаған.

Ал біріншілікке арнайы Алматыдан келген «Бейбарыс» командасының жаттықтырушысы Ақылбай Жаңылқан ыстық ықыласпен күтіп алған Өскемендіктерге ыстық ықыласын білдірді.

Ел біріншілігінде үздік деп танылған жас спортшылар ұлттық құрамада өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

Сайыстың бас төрешісі Александр Кувшинов біріншіліктің жоғарғы деңгейде өтуіне бар жағдай жасалғанын айтады.

Спортшылар жағы осындай сайыстардың арқасында деңгейімізді бағамдап, тәжірибе аламыз және достық қарым-қатынасымызды нығайтамыз дейді.