Өскеменде «Ұлттық өнер – асыл қазына» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу қонақтары әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы мен ағаш шебері Нарынбек Хабиұлы. Шараға мұрындық болған А.С Пушкин атындағы облыстық кітапхана. Басқосуға келген қонақтар пікірлерін ортаға салып, қадірлі меймандарға көкейдегі сауладарын қойды. 

Наурыз айында жастарға ұлттық құндылықтарды және құсбегілікті насихаттау, ұлттық дүниетанымды кеңейту мақсатында бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызымен кездесу өтті. Иә, осы ғасырда қазақты әлемге танытқан бес адам болса, соның бірі – Айшолпан. Бүркітші Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында өмірге келген. Бала күннен әкесінен құсбегілік өнерді үйренеді. Ол бүгінде құсбегілік арқылы аймақтың туристік әлеуетін артыруды көздеуде.

Сондай-ақ ұлттық бұйымдарды насихаттау бағытында Нарынбек Хабиұлымен сырлы сұхбат өтті. Ол жасынан ұлттық қолөнерге жақын. Ағаш шебері шежіре,бесік, шаңырақ, киіз үй сияқты кәдесыйларды жасап танылған. Бүгінде бұйымдары сұранысқа ие.

Кездесуде ЖОО-ның студенттері өздерінің сұрақтарын қойып, жауап алды. Ұйымдастырушылардың сөзінше мұндай шаралардың өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор. Өткен жиын жастарға берері мол, тағылымды шара болды.