Облыста су тасқынының алдын алу жұмыстары әліде жалғасуда. Қазіргі уақытта жұмыс қызып тұр. Риддер қаласында жұмыс қарқынды. Су тасқыны қауіпі бар аймақтар жіті назарда.
Риддер қаласында көктемгі су тасқынына қарсы шаралар қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 100 тонна инерттік материал, екі мыңға жуық құм толтырылған қаптар дайындалған. Қауіпті аймақтарда тасқынның алдын алу үшін бөгеттер жасалып, арықтар мен өзен арналары тазартылуда.
Қала аумағын қардан тазарту және арналарды ашуға әкімдік тарапынан қажетті техника жұмылдырылған. Сондай-ақ жеке компаниялармен келісімшарт жасалған. Егер күн күрт жылынған жағдайда жеке кәсіпкерлерден де қосымша күш жұмылдырылмақ. Коммуналдық мекеме қызметіне қала тұрғындары дән риза.
Су тасқынының алдын алуға арналған шаралар әлі де жалғасын таппақ. Бұдан бөлек, қаладағы қонақ үйлер, колледжер мен мектеп ғимараттары эвакуациялық пункт ретінде пайдаланылмақ.