Өскеменде тоғызқұмалақтан ел чемпионаты мәресіне жетті. Ел чемпионатында жасөспірімдер жекелей сында өнер көрсетті. Ұлттық спортты дәріптеу мақсатында өткізілген жарысқа елдің 16 облысынан 19 команда жиналды.

Тоғызқұмалақ – қазақтың теңдесі жоқ көнеден мұра боп қалған, интелектуалды ойыны. Төрт мың жылдық тарихы бар ұлттық-зияткерлік ойынға елдің түкпір-түкпірінен 400 –ге жуық спортшы жиналды.

Тоғызқұмалақтан ел біріншілігі жылдағы игі дәстүрге сай наурыз айының ортасында ұйымдастырылады.

Шығыста тоғызқұмалақтан ел біріншілігі тұңғыш рет жалауын көтерді. Қатысушылар бұл сынға жоғарғы дайындықпен келгенін ойын барысында көрсетті. Жас өрендердің шеберлік деңгейі, жас шамасы әртүрлі. Жарыс тоғызқұмалақтың екі түрінен өтті.

Жарыс тоғыз күнге созылып, елдің ең үздік командалары анықталады. Тартысты сайыста Павлодар, Қостанай, Ақтөбе спортшылары жақсы нәтиже көрсетті.

Ел біріншілігінде командалық есепте ақтөбеліктер үшінші орыннан көрінді. Ал Қостанайдан келген құрама екінші орынды мәсе тұтты. Павлодарлық өрендер чемпионат жеңімпазы атанды.