Өңірдегі республикалық және облыстық маңызға ие тас жолдардағы су шаю қаупі басым аумақтарда жағдай тұрақты. Тек «Қалбатау-Майғапшағай» бағытындағы жол қозғалысы бойынша Абай облысына тиесілі шекарадан бастап Зайсан қаласына дейін автомобиль қолғалысына шектеу бар. Қазірігі кезде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол қозғалысы қалпына келтірілді.

Күннің күрт жылынуы салдарынан « Қалбатау-Майқапшағай» бағытындағы республикалық маңызға ие жолдың 1091-1092 шақырымын су шайды.

Жалпы алғанда облыс жолдарында су тасқыны салдарын алдын алу бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Қазіргі кезде су басу және шаю қаупі бар жолдарда арнайы мамандар күні-түні бақылау жүргізуде.