Қазіргі кезде заман талабына сай өндірістің кез келген саласында жаңа технологияларды қолданысқа енгізу маңызды. Әсіресе, цифрлық технологиялар мүмкіндігін пайдалу, ғылым мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты нығайту маңызды. Сонымен қатар Президент атап өткен жасанды интеллект технологиясының ықпалы жұмыс процесін автоманттандырып қана қоймай, экономиканың дамуына мүмкіндік береді. Өндірісті өлкеде техникалық мамандық иелерін дайындайтын университет бүгінде осы бағытта ауқымды жұмыс жасауда. Оған дәлел екінші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық форум.
Форумға облыстағы ірі жетекші өндіріс басшылары, ғалымдар мен сарапшылар, шетелдік әріптестері қатысты. Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып өндіріске қажетті ғылыми жобаларды тәжірибе жүзінде қолданысқа енгізу жайы айтылды. Сонымен қатар машина жасау, тау кен, металлургия салаларына қажетті білікті маман даярлау жайы сөз болды. Әсіресе ғылым мен өндірісті ұштастыра жұмыс жасау тиімді екендігі айтылды. Айдын Ілиясов, Дәулет Серікбаев атындағы университет түлегі, қазіргі кезде ірі өндіріс орынында еңбек етіп жүрген ол осындай шаралардың жас мамандарға берері мол дейді.
Форумға арнайы келген қостанайлық компаниның ғылыми жобаларды өндірісте қолданысқа енгізуде өзіндік ұстанымы бар. Мәселен,елдегі бірқатар жоғарғы оқу оырндарының студенттері ғылыми жобаларын осы өндірісте жүзеге асырып, қолданыста тәжірибеден өткізуде. Жас мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда университетте заман талабына сай соңғы үлгідегі құрылғылармен жарақтанған түрлі ғылыми зертханалар жұмыс жасайды. Әр салаға негізделген ол жобалардың келешегі зор. Соның бірі машина жасау саласында көршілес ҚХР жетекші университетімен бірлескен жоба. Лу Бань зертханасының іске қосылуы.
Шетелдік әріптестер тек машина жасау саласында ғана емес өзге де салаларда тың жобаларды жүзеге асыру маңызды деп санайды.
Мұндай форумдар өндірісті өлкедегі иннновациялық инфрақұрлымыды дамытуға және жаңа бір салаға инвестици тартуға мүмкіндік береді. Жас мамандардың еңбекке араласып, кез келген салада жақсы нәтиже көрсетуіне септігі мол.