№2 қалалық емханада аутизмді емдеу, анықтау бойынша ашық есік күні өтті. Мақсат – қоғам назарын аударып, дертті ерте кезде анықтау үшін скринингтен өту қажеттігін жеткізу. Бұл күні дәрігерлер тұрғындарды тегін қабылдады.

№2 қалалық емханада баланы дамыту қызметі бойынша арнайы кабинет жұмыс істейді. Мұнда пациенттерге арнайы мамандар қызмет көрсетеді. Осы жерде балалар аутизмінің алғашқы белгілері анықталады.

Егер бала өмірінің бірінші жылында қоршаған ортаға көңіл бөлмесе, ештеңеге қызығушылық танытпаса, эмоциясын көрсетпесе, ойнамаса, онда бұл аутизм спектрінің бұзылуының алғашқы, айқын белгілері, дейді мамандар.

Баланы дамыту қызметі бойынша кабинетте үш айлық сәбиден бастап төрт жасқа дейінгі балалар қабылданады.

Баланың дамуын бақылау үшін дәрігерлерге жүгініп, аурудың-алдын алу маңызды, дейді көпбалалы ана Айнұр Молдажанова.

Мамандардың айтуынша, балаға телефон ұстатып, теледидар алдында ұзақ уақыт отырғызбаған жөн. Бұл сәбидің дамуына кері әсерін тигізеді. Бара-бара аутизмге әкелуі мүмкін.