Қала әкімі Жақсылық Омар құрылысы аяқталуға шақ тұрған екі нысанды аралап қайтты. Биыл жоспарға сәйкес 600 орындық бір мектеп пен «Жұлдыз» өнер мектебі қолданысқа берілмек. Айта кетейік, бұған дейін өнер мектебінің жеке ғимараты болмаған. Енді өмірін өнермен байланыстырған өнерпаздар жайлы мектепте білім алатын болады.

 «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында осы жылы бірнеше білім ошағының құрылысы аяқталып, қолданылысқа берілмек. Мектептер заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталатын болады. Сондай-ақ, мұнда екі ауысымда 1200 баланы қамтуға болатындай мүмкіндік бар, дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Мектептің құрылысы толығымен аяқталған, тек ішіндегі және сыртындағы тазалу жұмыстары бітсе болғаны, білім алушыларды қабылдауға әзір. Сонымен қатар, мұнда ұстаздардың да жағдайы бір ретке келтіріліп қойған.

Бұдан бөлек, қала меншігіне қайтарылған Протозанов 37 мекенжайындағы ғимаратта қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада ғимарат өнер мектебіне берілмек.

 «Жұлдыз» өнер мектебіне 7 мыңнан аса бала барады. Алайда мектептің осы күнге дейін өзінің орталық филиалы жоқ, оқу орындарында бөлімдері ғана болған.

Енді өнер мектебінде концерттік зал, көрме залдары болады. Балалар музыка және бейнелеу өнерімен емін-еркін айналыса алады.