Өңір басшысы Ермек Көшербаев су тасқыны қаупі бар екі таулы ауданда болып, ондағы жағдаймен танысып қайтты. Ауа-райының құбылмалылығына байланысты Катонқарағай және Алтай аудандарында шағын өзендердің тасу қаупі бар. Өңір басшысы жергілікті жауапты өкілдерге қауіпті учаскелерді анықтап, тәулік бойы бақылау жүргізулерін тапсырды. Мамандар инертті материалдар қоры мен техниканы толықтай дайындап қойғанын жеткізді. Облыс әкімі Коробиха және Өрел ауылдарының тұрғындарымен де кездесті. Сондай-ақ, орманшылық қызметкерлері де қолдау көрсетпек. Барлық дерек жедел бақылаушы органдарға дер кезінде жіберілетін болады.