Аймақта тасқынның алдын алу шаралары күн сайын пысықталуда. Бұл туралы арнайы брифингте айтылды. Жиналыста гидротехникалық нысандарға мамандар тәулік бойы бақылау жүргізетіні сөз болды.
Қазіргі кезде мамандардың ақпараты бойынша облыстағы қар жамылғысы 58 пайызды құрайды. Таулы аймақтардағы қардың мөлшері нормадан 1,5-2 есе көп. Болжам бойынша алдағы күндері күн жауын-шашынды болады. Су деңгейінің көтерілу қаупі бар.
Ертіс бассейні инспекциясының мәліметі бойынша бүгінде Бұқтырма су қоймасындағы судың деңгейі 60,5 пайызды құрайды. Ал, Өскемен, Шүлбі және Бұқтырма гидро электр станциялары штаттық режимде жұмыс істеуде.
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының ШҚО бойынша штабы құрылды.
Қазіргі кезде гуманитарлық көмек жинау пунктері Облыстық «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы» және аймақтық фронт-офисте қабылдануда.