Елде 2025 жылға дейін кемінде 100 заманауи мектеп салу көзделген. Бұл бастама «Білімді ұлт» сапалы білім беру» жобасы аясында жүзеге асырылмақ. Ұлттық жоба Мемлекет басшысының халыққа жолдауынан кейін іске қосылды. Мақсат - қалалық жә¬не ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасының алшақтығын қысқарту, оқу орын¬дарының тапшылығы мәселелесін шешу. Қауіпсіз әрі жайлы бі¬лім беру ортасын қалыптастыру. Зайсан ауданында ұлттық жоба аясында білім нысанын салу жұмыстары басталып кетті. Қазір мұнда 300 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. 

Заманауи білім ошағы Зайсандағы Сауыр мөлтек ауданында бой көтеріп келеді. Құрылыс жұмыстарының негізігі бөлігі аяқталды. Мөлтек аудан тұрғындары асыға күткен мектептің құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталған. Қажетті жабдықтары бар оқушы сыныптарынан басқа, жобада асхана және аумақты көгалдандыру қарастырылған. Бекітілген жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталады.

Мұндағы халық санына байланысты білім ошағы 300 орынға шақталған.Оқушылардың жайлы білім алуы үшін бар жағдай қарастырылған. Шығыстың алтын қақпасы, шекаралық ауданның орталығы Зайсан қаласы қарқынды дамып келе жатқандықтан білім ордасы ауадай қажет.

Зайсан ауданында жалпы саны 27 мектеп бар. Онда 6500 жуық бала білім алады. 5 білім ошағы аудан орталығында орналасқан.Маман тапшылығы жоқ. Жаңа білім ордасының салынуы жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болмақ.