Биыл облыста республикалық және облыстық маңызға ие жолдар жөнделеді. Сонымен қатар аудан, қала көшелері де қайта жаңғырады. Оған 22,3 миллиард теңге қарастырылды. Жоспарға сай Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Алдағы уақытта жолдағы ауыр жүк көліктерінің салмағын автоматты түрде анықтайтын арнайы құрылғы орнату жоспарда бар.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтің айтуынша қазіргі кезде Қазавтожол мекемесі республикалық маңызға ие Қалбатау – Майқапшағай, Талдықорған-Өскемен, Осинов асуында жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, Шемонаиха ауданындағы Уба өзені арқылы өтетін көпір апаттық жағдайда деп танылған. Соңғы рет 2009 жылы қайта жөндеуден өткен.

Көліктік бақылау инспекциясының мәліметі бойынша облыста жылжымалы салмақ өлшеу бекеті жұмыс істейді, ол жергілікті жерде автокөлік құралдарын тексереді және өлшейді.

Көпірде бір бағытты қозғалыс ұйымдастырылды. Қазір жобалаушыны анықтау бойынша конкурс өткізілуде. Бұдан бөлек облыс аумағындағы жолдарда шұңқырлар жөнделеді. Жол белгілері жаңартылады. Ағымдағы жылы жүргізілген жұмыс нәтижесінде Өскемен-Самар бағытындағы жол бойында 169 құбыр жетіспейтіндігі анықталды. 5 көпір апаттық жағдайда. Осы сияқты тексеру жұмыстары өзге бақыттағы жолдар бойында жүргізіледі. Жиында сонымен қатар қазіргі су тасқынына байланысты облыстық ТЖД бастығы Ерғали Бахаев баяндама жасады.

Бірлесе күш жұмылдырып, тиісті шаруаны дер кезінде тыңдыру маңызды. Мәселен, халыққа түсіндіру жұмыстары үндіксіз жүргізілуде. Су тасқынына қатысты кез келген ақпаратты аудан әкімдері бірден орталыққа жібергені абзал.