Ауыл тұрғындарының табысын молайтып, өмір сүру сапасын арттыру мақсатында ел Үкіметі «Ауыл аманаты» жобасын қолға алған болатын. Аталған бағдарлама өткен жылы толық іске қосылды. Кәсіп ашып, нәсіп табам дегендерге барлық мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар азаматтар кооператив құрамында бола тұра жеңілдетілген несие ала алады. Қарыз алушыларға төмендетілген, яғни 2,5 пайыздық мөлшерлемемен несие беріледі. Несие мерзімі 5 жылдан бастап 7 жылға дейін.

Өткен жылы бағдарлама бойынша 200-ден аса адам шағын несие алды. 213 өтінім бойынша 1 миллиард 535 миллион 118 мың теңгенің несиесі берілді. Нәтижесінде 235 жұмыс орыны ашылды. Осы көрсеткіш бойынша алдыңғы үштік қатарында Катонқарағай, Тарбағатай, Күршім аудандары. Басымдық мал шаруашылығында. Туризм саласын дамытуға екі жоба мақұлданса, 2 жоба қажетті техзника мен жабдықтарды сатып алуға негізделген.

Жобаға жауаптылардың мәліметі бойынша биыл 482 жоба мал шаруашылғына, 226 жоба өсімдік шаруашылығына, шағын бизнесті дамытуға 257 жобаларын бөлу жоспарда бар.

Бұл жүйе құжат қабылдау кезінде әсіресе ауылды жерде тұратын жобаға қатысушылардың онлай түрде өтінім беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алады. Жиында аймақ басшысы бұл бағдарлама мүмкіндіктерін тиімді пайдалану маңызды деді.

Бұдан бөлек облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы тұрмыстық қатты қалдықтарға қатысты баяндама жасады. Мәселен, облыста жыл сайын 146,5 мың тонна коммуналдық қалдық түзіледі.

Тұрғындар тарапынан ең көп шағым Өскемен қаласы бойынша тіркелген. Тұрғындар қоқыстың уақтылы шығарылмайтындығына наразы. Жалпы тұқрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және өңдеу бойынша аймақ басшысы қала, аудан әкімдеріне нақты тапсырма берді.