Облыста әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңестің қарауына профилактикалық сипаттағы бірқатар мәселелер қаралды. Бұдан бөлек, жиын барысында бірқатар мемлекеттік қызметшілер мен ведомство басшыларына қатысты шара қолданған тәртіптік комиссиялардың жұмысына талдау жасалды.

Отырысқа қатысушылар мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді. Күн тәртібінде үш мәселе.Алдымен әдеп жөніндегі уәкілдердің есептері тыңдалды. Мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына ерекше назар аударылды.

Анықталған кемшіліктер бойынша мемлекеттік органға тиісті ұсыным енгізіліп, заң бұзушылықты жою бойынша шаралар қабылданған. Бұдан соң, кеңес мүшелері бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес азаматтарды мемлекеттік қызметке тағайындау мәселесін қарады.Бүгінде мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге ерекше ден қойылған.

Жүргізілген талдау аясында біліктілік талаптары сәйкес келмейтін кандидаттар тағайындалған бірнеше дерек анықталған. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.