Жер учаскелерін таңдау жүйесін тиімді ету үшін ғарыштық мониторинг жүргізу және геопортал құру маңызды. Өйткені, бұл жұмысты жеңілдетіп, барлық қажетті ақпартты бір жерге тоғыстырады. 

2019 жылдан бері облыста жердің ғарыштық мониторингі жүргізіліп келеді. Ғарыштық мониторинг жерді пайдалануды талдаудың тиімділігін арттыру мақсатында қашықтықтан зондтау деректерін және мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияланған геоақпараттық технологияларды пайдалану негізінде жүзеге асырылады. Қазір оларды мамандар жерді пайдалану тиімділігін бақылау үшін пайдаланады.

Алты жыл бұрын облыстық жер қатынастары басқармасы геопортал құрған болатын. Бүгінгі таңда геопорталда анықтамалық режимде жер учаскелерінің кадастрлық бағалау құнын, сондай-ақ жер салығы мен жалдау ақысын есептеуге болады.

Геопортал «Қазгидромет» деректер базасымен біріктірілген. Өскемендегі ауа сапасын онлайн бақылауға болады. Сондай-ақ, рұқсат етілмеген полигондардың қайда орналасқаны туралы экология департаментінің деректері көрсетілген. Бұл ақпарат жер сатып алғысы келетіндер үшін пайдалы болмақ.