Риддерде жастар форумы өтті. Форумының мақсаты жастардың патриоттық рухын арттыру, жас кәсіпкерлер мен спортшыларға қолдау көрсету. Шарада қала әкімі Дәулет Батырбаев жастарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Жастар форумына жиналғандардың қарасы қалың. Шараға облыстық Достық үйі қоғамдық келісім орталығының директорының орынбасары Равль Юинусов, Облыстық Азаматтық альянсының жетекшісі Аяужан Әшімова, Облыстық «Даму» қорының директоры Медет Ерболұлы арнайы келген. Сондай-ақ шарада жастармен бірге өз тәжірбиесін бөлісуге Риддердің жас кәсіпкерлері де қатысты.

Форумда бірқатар ауқымды мәселелер сөз болды. Өзекті тақырып қоғам дертіне айналған лудомания дерті, Бұдан бөлек, Риддер қаласының туризм және спорт саласын дамыту, жастардың әлеуметтік идеяларын жүзеге асыру мүмкіндіктері сынды тақырыптары қозғалды.

Сондай-ақ шарада «G.HORS.RIDDER» пони клубының басшысы Екатерина Худякова жастарға кәсіп ашудың қырсырын айтып, өз кәсібін ашудағы қиыншылықтарымен бөлісті. Екатерина Худякова елде пони драйвингті қолға алған жалғыз кәсіпкер. Ол өткен жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» гарнтын ұтып алып, бүгінде кәсібін әрі қарай дөңгелетіп келеді.

Шара аясында жастар қала әкіміне өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Ал қала әкімі Дәулет Батырбаев өз кезегінде тың бастамаларға қолдау көрсентуге дайын екенін айтты.

Ал Республикалық олимпиада резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Анастасия Ананьева аталмыш форум өз ойыңды жергілікті билік өкілдеріне еркін жеткізуге таптырмас мүмкіндік дейді.

Форум соңында өңірдің дамуына үлес қосқан жастар марапатталды. Оның ішінде әр түрлі Республикалық әлемдік додаларда жеңімпаз атанған спортшылар, жайдарманшылар, жас ұстаздар мен кәсіпкерлер, волонтерлер марапатталды.