А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. Мереке аясында аймақтың әр ауданынан келген талантты жастар өздерінің бірегей еңбектерін ұсынды. Бұл бастамалар алдағы уақытта инновациялық жобалар арасында сынға түседі.
А.С.Пушкин атындағы кітапхананың үйірмелері мен шығармашылық алаңдары балалардың ғылым, зерттеу жұмыстарын жүргізуге деген сүйіспеншілігін дамытады. Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығы мен Қазақстан ғылым қызметкерлерінің мерекесіне орай ұйымдастырылған шара жас дарындарды үлкен жаңалықтар ашуға жетелейтініне сенімдіміз, - дейді ұйымдастырушылар.
Күршім ауданынан келген Кәусар Құрметқызы өз өнертабысымен көрмеде көпті таңқалдырды. Оқушы көру қабілеті бұзылғандарға арналған ультрадыбыстық білезікті жасаған.
Тағы да бір ерекше жұмыстардың бірі С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттерінің ойлап тапқан құрманың ерекше сортын өсіру жобасы. Жас өрендер болашақта үлкен цех ашуды жоспарлапр отыр.
Жас ғалымдардың жобалары мамандар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Ал жоба авторлары өз өнертабыстарын одан әрі дамытуға ниетті.