Өскемен әкімі Жақсылық Омар сол жағалау шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесудеге жиналғандар шаһар басшысына аудандағы өзекті мәселелерді жіпке тізіп берді. Әкімдік өкілдері қордаланғанған түйіткіл таяу арада шешілетінін жеткізді.

Қала әкімі шалғай аудан тұрғындарымен кездесулері тұрақты түрде өткізіледі. Бұл жолы Жақсылық Омар Сол жағалау шағын ауданына ат басын бұрды. Мұнда шешімін таппай келе жатқан мәселе ауқымды. Облыс орталығы әкімімен бетпе-бет кездескен тұрғындар бұл түйіткілдер тез арада оңды жолға қойылатынына сенімді.Дегенмен, атқарылған жұмыстар да жоқ емес,Мәселен, мұнда сумен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, балалар алаңы қалыпқа келтірілді. Бірнеше көшенің жолдары жөнделді. Жарықтандыру жұмыстары әлі де жалғасады.

Ауданда іске асқан абаттандыру жұмыстары қарқынды. Дегенмен, әлі де шешілуі тиіс мәселелер көп. Мысалы, қоғамдық көлік қозғалысы көңіл көншітпейді. Автобустардың жетіспеушілігі бар.

Әкімдік өкілдері тұрғындар көтерген мәселе таяу арада шешімін табатынын жеткізді. Биыл жоспар бойынша Васильев және Урожайная көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары басталады. Көшелерді жарықтандыру жалғасын табады. Балалар ойын алаңын ретке келтіру де басты назарда. Көлік мәселесі де шешіледі, - деді қала әкімі Жақсылық Омар. Бұдан бөлек, тұрғындардың өтініші бойынша шағын ауданда жаттығу залы да ашылады.