Өскемен қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Шара аясында қала тұрғындарына жоғары білікті заңгерлерден тегін кеңес алу мүмкіндігі туды.
Мамандар заңнаманың түрлі салаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, тұрғындарға заң жөнінде кеңес айтып, қолдау көрсетті. Шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал ету. Мұндай жиындар қоғамдық құқықты қалыптастыруға сеп.
Акция аясында Өскеменнің мемлекеттік органдар өкілдері азаматтарды қабылдап, жетекші заң мамандары құқықтық мәселелердің кең ауқымы бойынша кеңестерін ұсынды. Соның ішінде отбасылық құқық нормаларына да қатысты.
Мамандар азаматтардың шараға белсенді қатысып жатқанын және түрлі құқықтық мәселелерді шешуге ынталы екенін атап өтті.
Айта кетейік, «Халық заңгері» акциясы облыс орталығында ғана емес, барлық аудандарда өтті.