Мемлекеттік рәміздер елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын нышан. Осыған орай облыста Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған шара өтті. Қала тұрғындары белсене қатысты.

Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай ұйымдастырылған шара шаһар орталығындағы арбатта өтті. Онда қала тұрғындары түрлі викториналық сұрақтарға жауап беріп, қызықты ойындарға қатысты.

Ұйымдастырылған шарада қала тұрғындары белсенділік танытты. Бұл тәуелсіздігіміздің жемісі мен егеменді ел жастарының отансүйгіштігінің бір дәлелі. Рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Ал оны білу әр азаматтың парызы, дейді қоғам белсендісі Аян Қалымбек.

Мерекелік шара кеш құрым концертпен жалғаспақ. Бейбіт аспанымызда тәуелсіздіктің көк туы желбіреп, елтаңбамыз айбынымызды асырып, әнұранымыз Ұлы даланың еркіндік үнін жеткізе берсін, дейді жиналған қауым.