Өңірде 700-ден астам бала психологиялық-медициналық- педагогикалық көмек алуға кезекте тұр. Қызмет көрсетуді жеделтеу мақсатында ерекше білім беру қажеттілігі бар балғындарға арналған екінші орталық Өскеменде ашылды. Енді тұрғындар кезек күтпей қажетті көмекті ала алады.
Орталықтың ашылуы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға уақытылы психологиялық-педагогикалық кеңес алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда мұндай орталықтар Алтай, Шемонаиха, Өскемен қаласында жұмыс істеп тұр.
Облыста 11 мыңнан астам ерекше бала бар. Оларды оқыту, тәрбиелеу және оңалту үшін аймақта тоғыз психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оңалту және «Асыл Мирас» аутизм орталықтары жұмыс істейді.
Мекемеде маман тапшылығы жоқ. Мұнда тек облыс орталығының ғана емес, Ұлан және Глубокое аудандарының тұрғындары да уақытылы психологиялық-педагогикалық көмек ала алады.