Париж-2024 жазғы Олимпиадасы - бүкіл әлем көз тіккен байрақты бәсекелердің бірі . Басты мақсат – барынша көп лицензия жинап, еліміздің атынан қатысатын спортшылардың сәтті өнер көрсетуіне ұйытқы болу.Аймақ спортшыларының дүбірлі додаға дайындығы қарқынды. Ел намын қорғауға өңірден бес спортшы аттанады.

Олимпиада ойындарының бағдарламасына спорттың 32 түрі енгізілген. Байрақты бәсекені Францияның бірнеше қаласы қабылдайды.

Қазір ел қоржынында 58 лицензия бар. Бапкерлер жағы үміт артқан спортшыларымыздың барлығы сәтті өнер көрсететініне сенімдіміз деп отыр.

Қазір спортшылар қызу дайындық үстінде. Оларға мемлекет тарапынан бар жағдай жасалып жатыр.