ШҚО әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиев жастар ресурстық орталықтарының директорларымен және жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Биыл 350 – ге жуық маманды «Дипломмен –ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру көзделген.Кездесуде Ербол Жолдаспекұлы аймақта мемлекеттік жастар саясаты қарқынды жүзеге асырылып келе жатқанын да айтты.

Кездесуде жастар саласына қатысты мемлекеттік бағдарламалар, бағыт–бағдар беру, лудомания және есірткімен күреске бағытталған шаралар жайлы айтылды. Облыс әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиев жастар үшін тиімді бірнеше бағдарламаны сөз етті. Соның бірі – «Жасыл ел» бағдарламасы. Ербол Жолдаспекұлының сөзінше, осы бағыт бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынған. Ал, Астанадан арнайы келген «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айсұлу Ерниязова қоғамда белең алып жатқан мәселелерге тоқталды.

Жиында жастарды қолдау шаралары кеңінен талқыланды. Облыста барлығы 12 жастар ресурстық орталығы бар. Өңірде кешенді жоспар да әзірленген.

Шара соңында қатысушылар тарапынан жастар ресурстық орталықтары мамандарының жалақысын өсіру мәселелеріне қатысты ұсыныстар айтылды.