Республика күніне орай 19 қазаннан бастап елдің барлық өңірінде «Жастар Рухы» ЖҚ қолдауымен «Менің елім - Менің туым!» акциясы басталды. Акцияға шығыстағы жастар да қолдау көрсетті. Өскемендегі белсенділер ұлттың рухын көтеретін мейрам қарсаңында облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйге мемлекеттік туды ілді.

Игі шара «АMANAT» партиясы ШҚОФ жанындағы кеңес мүшелерінің, қалалық маслихат депутаттарының және қала тұрғындары мен белсенділердің қатысуымен өтті. Шараны қолдап қала тұрғыны Жұмабек Қамбетовте келген. Ол саналы ғұмырын білім саласына арнаған.

Еліміздің егемендігінің нышаны көк байрағымыз Өскемендегі Қазыбек би даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйге ілінді. Тұрғындар жағы игі шараның өз аулаларында өткеніне дән риза.

Айта кетейік «Менің Елім – Менің туым!» акциясы үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Қысқа уақыт аралығында игі дәстүрге айналып үлгерген шара көптің көңілінен шықты, дейді ұйымдастырушылар.

Аймақ кәсіпкерлеріде шарадан шет қалмады. Олар дүкендерде, мейрамханаларда көк байрағымызды іліп жатыр. Алдағы уақытта бұл акция игі жалғансын табады дейді өңір азаматтары.