Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының көшпелі отырысы Өскеменде өтті. Мақсат – өзара тәжірибе алмасу. Кездесуге аймақ тілшілерінен бөлек, Павлодар және Абай облыстарының БАҚ өкілдері, баспасөз-хатшылары мен блогерлер қатысты.

ҚХА жанындағы этносаралық қатынастар жөніндегі журналистер клубы 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Клуб бүгінде ұлтаралық келісімді сақтау мен толеранттылықты нығайтуға үлес қосып келеді.

Отырыс аясында БАҚ өкілдері тәжірибелі сарапшылардан кеңес алып, өзара тәжірибе алмасты.

Бұдан бөлек, кездесуге қатысқан жас мамандар мен блогерлер де өзара пікір алмасып, медиа саласының түрлі бағыттарын талқылады.

Отырыста блогерлер де белсенділік танытып, аудиториямен жұмыс істеудің ерекшеліктері бойынша кеңестер берді. Шеберлік сағатын өткізген Әнуар Ахметқалиев қазіргі медиадағы маңызды тақырыптарға тоқталды.

Кездесуде достық пен этносаралық бірлікті нығайтуға үлес қосқан азаматтарға ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың алғыс хаты табыс етілді. Марапат иелерінің арасында «Алтай» телеарнасының тілшісі Яна Мумлева да бар.