Облыс орталығында «Стандарттар арқылы мектептегі қызметтің сапасын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға аймақтағы білім саласының қызметкерлері қатысты. Бұл «Қазстандарт» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өңірде алғаш рет өткізіп отырған жиыны.

Басқосуда биыл 1 шілдеде қолданысқа енгізілген мектептерде білім беру стандарты мен талаптары түсіндірілді. Бұдан бөлек, оқушылардың қауіпсіздігі, жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған ережелер де сөз болды.

Саналы ұрпақ-ел болашағы. Бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелейміз десек, ең алдымен ұстаздарың біліктілігіне баса мән беру қажет. Ұстаздар үнемі ізденісте болуы да шарт. Дегенмен, бар жауапкершілікті мұғалімдерге артып қоюға болмайды. Себебі, елдегі мектептерде заман ағымына сай қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі керек.

Балаларға сапалы білім беру бағдарламасы үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Себебі, жаңа теxнология мен әдістер аталған салаға күнделікті еніп жатыр. Ал ұстаз үшін заман көшінен қалмау аса маңызды, дейді шараны ұйымдастырушылар.