Қазақстанда ең ірі мультилокациялық хакатон –Decentrathon 2.0 бастау алды. Шараға елдің 19 аймағынан 2 500-ден астам адам қатысады. Оның ішінде шығыс өңірінің намысын қорғайтын 60 жас ІТ маман бар. Олар AI, Blockchain, GameDev және Telegram mini apps бағыттарындағы мәселелерді шешуге атсалысады.

Decentrathon – Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын алғашқы ауқымды IT-оқиға. Қатысушылар қомақты ақшалай жүлде үшін бәсекеге түсіп, саланың жетекші компанияларына жобаларын таныстыруға және IT мамандардың жетекшілігімен білім мен практикалық дағдылар алуға мүмкіндік алады.

Сайысқа қатысушыларға берілген күрделі тапсырмалар мен ақпараттар қысқа уақыт ішінде олардың жүйелі ойлау мен жаңа идеяларды табуына көзделген.Сондықтан әр өңірден жиналған қатысушы командалардың жеңіске деген ұмтылысы зор.

Хакатонға жекелей және командамен де қатысуға болады. Барлығы тегін. «Бұл сайыс өңірлердегі жас таланттарға технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына үлесін қосуға мүмкіндік береді», - дейді ұйымдастырушылар.