Кезекті оқу жылы аяқталып, балалар жазғы демалысқа шықты. «Үміт» балалары үйнің тәрбиеленушілері биылғы маусымды әдеттегідей Төменгі Тайынтыда орналасқан «Царская долина» лагеріне аттанады. Таза ауа мен табиғаттың тоғысқан жерінде орналасқан жерде бүлдіршіндер үшін бар жағдай жасалған.

 «Царская долина» лагері 2015 жылдан бері «Үміт» арнаулы қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін әр жаз сайын құшақ жая қарсы алуда. Мақсат - оқушыларды қызықты әрі тиімді жазғы демалыспен қамтамасыз ету. Мұнда балалар түрлі экскурсиялар мен сайыстарға қатыса алады.

Мұнда демалуға келген балалардың әр күні қызыққа толы. Ән айтып, би билеп, логикалық ойындарды да ойнады. Балалар көп күткен жазғы демалыстың басталғанына қуанышты.

Жазғы лагерьлер демалуға ғана емес, сонымен қатар балалардың қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, жас өрендердің денсаулығы да басты назарда болады.

Балалар мұнда үш ай демалады. Тауға саяхат, мерекелік бағдарламалар, спорттық ойындар жас жеткіншектердің дамуына оң әсерін берері анық.