Облыс орталығында үш бірдей мектептің құрылысы жүріп жатыр. Білім ошағы «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында бой көтереді. Нысандарда жүргізіліп жатқан жұмыстармен ШҚО әкімі Ермек Көшербаев танысты. Аймақ басшысы мердігер мекеме мен білім басқармасына құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.

ШҚО «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында биыл 7 мектептің құрылысын аяқтау көзделген. Өскеменде салынып жатқан үш мектепті биыл жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр.Құрлыс жұмыстарын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ іске асырып жатыр.

Өскемендегі 19 шағын ауданда 600, Тимофеев, Увалиев көшелерінде 300 орындық жаңа мектеп салынып жатыр.

Жаңа мектептің құрылысы басталған аудандарда бұған дейін білім ошағы болмаған.

Увалиев және Тимофеев көшелеріндегі мектептерді жаңа оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға беру көзделген. Ал үшінші нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.