Білім беру жүйесі әрқашан басты назарда. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Мәселен әр жыл сайын студенттерге гранттар көп бөлініп шәкіртақы көлемі де артып келеді. Сондай-ақ мектепті тәмамдаған талапкерлер үшін мамандық таңдауда жеңілдіктер бар.
Мектепті тәмамдаған талапкерлер үшін қазіргі таңда сапалы білім алу жүйесі қолжетімді. Әрбір азамат өзінің қалауы бойынша таңдаған мамандықтарын жан-жақты оқи алады. Мәселен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде табысты боламын деуші азаматтарға бизнес мектеп ашылған.
Кейде көп талапкер шет елдерде оқуға әуес келеді. Бұл ретте бизнес мектебінің деканы Әлфия Закимова жастарға асықпауға кеңес береді. Мәселен, техникалық университетте екі білім беру бағдарламасы бар. Мұндай бағдарлама бойынша оқуға түскен студенттер екі диплом алуға мүмкіндік алады, дейді.
Мұндағы барлық білім беру жүйесінің төрт бағыты жоғары дәрежелі. Тіпті, білім беру жүйесі әлем бойынша топ 10 және топ 15-ке кіреді. Сондай-ақ әр жыл сайын «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы мұнда оқу-үрдісінің қалай жүріп жатқандығын бақылап, өздерінің жоғары бағасын беріп отырады.
Бизнес мектебі «Экономика және менеджмент», «Аудит және салық салу», «Қаржы басқару» және «Social Media Marketing» бағыттары бойынша білім береді. Сондай-ақ, мұнда студенттер өз жобаларымен түрлі Республикалық деңгейде жарыстарға қатыса алады.
Білім базасында магистратураға түсемін деушілер үшін де жеңілдіктер мен арнайы бағдарламалар қарастырылған.
Бизнес мектебі студенттерге экономика мен бизнестің заманауи нарығында табысқа жету үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды біріктіретін оқытудың кешенді тәсілін ұсынып отыр. Университет оқытушылары мұнымен шектеліп қалмай, білім беру сапасын арттыруды жалғастыратын боламыз, дейді.