Ислам дінінің басты мерекесі саналатын Құрбан айт биыл 16-18 маусымға белгіленіп отыр. Айт намазы өңірдегі мешіттерде 16 маусым күні таңғы сағат 6:00-де оқылады. Ал, қала көлемінде құрбан шалу орны «Атығай» асуында өтеді.

Құрбан айт – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Ұлық мерекенің тәрбиелік мәні мен мағынасы тереңде. Ал, үлкеннің жалпы көмекке мұқтаж жандардың алғысын алып, батасына бөлену – айт кезінде орындалатын сауапты істің бірі. Биыл Құрбан айт мейрамы Өскемен әкімдігінің қолдауымен «Атығай» асуында қасапхана мен мал базарын ұйымдастыру жоспарланған.

Құрбан айт күндері мұсылман қауымының атқаратын ең жақсы ісі – құрбандық шалу.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін онлайн өткізуге арналған «qurban2024.kz» сайтын іске қосты. Енді қазақстандықтар осы платформаға кіріп, құрбандық малын таңдап, онлайн аударым жасай алады. Одан соң телефоныңызға құрбандық шалынғаны жөнінде бейне есебі келеді. Ал құрбандыққа шалынған мал еті мұқтаж адамдарға таратылады. Бұл әсіресе үлкен қалаларда оңтайлы мүмкіндік, дейді басқарма өкілдері. Сондай-ақ сайт арқылы құрбандық етін алуға да өтініш білдіруге болады.

Ал қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда мешітке келіп, имамдардан ақпарат алуға болады.