Отбасын жоспарлау әр жұп өміріндегі маңызды және шешуші қадам. Осыған орай Өскеменде репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Отбасын жоспарлау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мұнда мамандар демографиялық жағдайды әрі қарай жақсарту, оңтайландыру шараларын талқылады.

Өскемендегі Ана мен бала орталығының консультативті диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі, репродуктолог Надира Слямханованың айтуынша, өмірге дені сау бала әкелу – үлкен жауапкершілік. Соңғы жылдары елімізде медициналық-демографиялық оң ахуал байқалуда.

Осы тақырып аясында негізгі проблемалардың бірі - жыныстық жолмен берілетін аурулар, жоспарланбаған жүктілік және түсік.

Апталық аясында өтетін бірқатар іс-шаралар кезінде тұрғындар кез келген емханаға жолдамасыз келіп, репродуктивті денсаулық саласында сапалы қызметтер мен дәрігерлердің кеңесіне қол жеткізе алады.