Өскемеде ерлер арасында үлкен теннистен «KAZZINC OPEN M15» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Шараның бас демеушісі өңірдегі ірі өндіріс орындарының бірі - «Казцинк» ЖШС. Халықаралық додада бақ сынауға 70-ке жуық спортшы келген.

"Kazzinc Open M15" турнирі "Smash" теннис орталығында 26-30 маусым аралығында өтті. Жарыстың жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрады. Турнирге алыс жақын шет елдерден жалпы саны 64 спортшы келді.

"Kazzinc Open M15" турнирі игі дәстүрге сай жылда ұйымдастырылады. Ал М15 турнирі кәсіби доданың бастапқы деңгейі болып саналады.

Турнирге Шымкент қаласынан Ерасыл Марат та келген. Оның үлкен тенниске қадам басқанына 15 жыл болған.

Финалда ресейлік Петр Бар-Бирюков пен белорус спортшысы Мартин Борисюк кездесті.Қортынды есеп 2-0. Ресейден келген Петр Бар-Бирюковтің мерейі үстем болып, турнир жеңімпазы атанды.