Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он төртінші сессиясы өтті. Жиынға аймақ басшысы Ермек Көшербаев қатысты. Сессияда өңір бюджетіне өзгерістер енгізіліп, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидалары талқыға түсті.
Мәслихат сессиясында өңірдегі елді мекендердің тазалығы талқыға түсті. Қоғамдық орындарды күтіп ұстау маңызды екені айтылды. Мақсат – өңір тұрғындары үшін жайлы және экологиялық таза өмір сүру ортасын құру.
Облыстық мәслихат отырысында қаралған екінші мәселе - бюджетке өзгеріс енгізу. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархад Белбеев 2025 жылға арналған шаралар легімен бөлісті.
Бұдан бөлек Катонқарағай, Үлкен Нарын, Күршім мен Марқакөл аудандарының бюджеттері бекітілді.