ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев шығысқа келді. Президент кеңесшісі Өскеменде тұрғындармен, зиялы қауым өкілдерімен, мәдениет саласы қызметкерлерімен, ҚХА мүшелерімен және белсенді жастармен кездесті.Кездесу барысында мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып жатқан ауқымды реформалар, ұлттық құрылтайдағы бастамалар талқыға түсті.

Мәдениет саласы қызметкерлерімен өткен кездесуде ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру жайы талқыланды.

Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Ольга Плотникова шығармашылықпен айналысып жүрген жандарда кездесетін бірқатар қиындықтарды айтты.

Мәлік Отарбаев барлық сұрақтарды, ұсыныстар мен тілектерді мұқият тыңдап, олардың әрқайсысын шешу жолдарын табуға уәде берді. Кейін ол аймақ жастарымен және тұрғындармен кездесті.

Шара соңында Мемлекет басшысының кеңесшісі ҚХА-ның этносаралық келісімге қосқан зор үлесін атап өтті. Ал су тасқыны кезінде көрсеткен көмек үшін облыс тұрғындарына алғыс білдірді.