Өңірде БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан аймақтық турнир өтті. Сайысқа 4 команда қатысып, бас жүлдені сарапқа салды. Игі шараның мақсаты – қазақ журналистикасының майталманы Марат Қабанбайды еске алу.

Турнир аясында жергілікті және аймақтағы БАҚ өкілдерінен құралған командалар өзара бақ сынасып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Қатысушылар тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.

Турнир Өскемен қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Сайысқа қомақты ақшалай сыйлықтар да тігілген. Сонымен қатар демеушілердің дайындаған сый-сиапаттары тағы бар.

Шағын футбол турнирі жанкүйерлер мен қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен естен кетпес күн сыйлады.

Ойын нәтижесі бойынша Көкпекті құрамасы үшінші орынға табан тіреді. «Менің өлкем» жігіттеріне екінші орын бұйырды. Ал «ALTAI NEWS» медия холдингінің құрамасы турнир жеңімпазы атанды. Жүлдегерлерге арнайы кубок пен қаржылай сыйлықтар табысталды.