Облыс әкімі Ермек Көшербаев «Дарын» балалар лагеріне барды. Аймақ басшысы демалыс орнының жұмысымен танысты. Мұндағы балалар ұйымдастырған шаралардың біріне қатысты.

 «Дарын» лагерінде балалардың демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда олардың әр минуты бос өтпейді. Балғындар шығармашылық студияларда, әртүрлі бағыттағы үйірмелерде шеберліктерін шыңдайды. Орталықта балалар бірнеше жасаққа бөлінген. Әр жасаққа 1 оқытушы мен тәрбиеші бекітілген.

 «Дарын» лагерінің ерекшелігі мұнда күн сайын түрлі көңілді кештер ұйымдастырылады. Орталыққа жыл сайын келетін оқушылар бұл жерден ұмытылмас әсер алатындарын айтады.

Балалар жазғы демалыс аясында су спорты түрінің бірі Рафтингпен шұғылдана алады.

 «Дарын» лагері- демалыс пен сауықтыру, спортты шығармашылықпен ұштастыратын орталық. Мұндағы әр бала өзін басқа қырынан таныта алады. Жаңа дос тауып, уақыттарын қызықты өткізеді. Таулы Үлбі өзенінің жағасында орналасқан «Дарын» лагері әр жаз сайын келушілерін асыға күтеді.