Облыстағы көпсалалы онкология және хирургия орталығында «ONKO WEEK VKO» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды. Конференция аясында Астана, Алматы, Тбилиси және Санкт-Петербург қалаларынан келген дәрігерлер шығыстағы әріптестерімен тәжірибе бөлісті. Аталған жиын 5 шілдеге дейін жалғасады.
Өскемендегі онкологиялық орталық дәрігерлердің біліктілігін арттыратын орталық айналады. Медициналық мекеме қазірпгі таңда заманауи құрал-жабдықтармен, бәсекеге қабілетті дәрігерлермен толық қамтылған. Конференция аясында облыстағы хирургтар шет елдік әріптестерімен тәжірибе алмасып, кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алды.
Үш күннің ішінде «ONKO WEEK VKO» конференциясы аясында 11 операция жасау жоспарланған.
Дәрігерлер конференция аясында теориялық және практикалық білімдерін жетілдіреді.